Құттықтау Абил Нұржанат Төлеуқадырқызы

Құрметті Абил Нұржанат Төлеуқадырқызы! Сені 30 жасқа толған туған күніңмен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, жүзіңнен күлкі кетпей жанұяңның, балаларыңның қызығына батып, аңсаған арманыңа жете беруіңе тілектеспіз!

Жан екенсің ойына ақылы сай,

Жүзің жарқын айдынның аққуындай.

Мейірің бәрімізге бірдей болып,

Төгілер таудан аққан бал-бұлақтай.

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн,
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Нұржанат, өйткені бүгінгі күн сен үшін,
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.

Құтты болсын осынау мерейлі шақ,

Келе берсін басыңа бақыт пен бақ.

Қызығын бұл өмірдің көре беріп,

Ешқашан көңіліңе түспесін дақ.

Т/б: Нұрлан — Перизат, Арнұр — Динара, Серік — Толқын, Азамат — Әлия, Фархат — Гүлмира, Нұржан — Шынар, Марат -Айгерім, Әсем.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture