Ағыбай батыр көшесінде 3 жасар баланы көлік қағып кетті. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей қалғандықтан бүлдіршін зардап шекті.
Қалада жолда жүру ережесін сақтамайтындар артуда. Полиция қызметкерлері үш күндік рейд жұмыстары кезінде 70 жүргізушіні жауапқа тартты.
Балқаш көлінен екі балықшы құтқарылды. Мамандар қатты дауыл мен биіктігі 6 метрге дейін жеткен толқынға қарамастан 19 және 51 жастағы Сарышыған кентінің тұрғындарын аман алып қалды.
Балқаш тұрғыны сатып алған кәмпиттің ішінен тағы да құрт шықты. Тағы да деп отырған себебіміз соңғы рет мұндай жайт қазан айында ғана тіркелген болатын.
Ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша балқаштықтар 70 көліктің көзін жойды. Тұрғындар 5 күннің ішінде арнайы мобилді топқа тозығы жеткен тұлпарды өткізіп, қомақты ақшаға ие болды.
Биыл балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғалары жиілеп барады. Сондықтан оны алдын-алу үшін нөмір 4 мектепте байқау ұйымдастырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login