Балқашта ескі көліктерді утилизацияға өткізу басталды

Балқаштықтар ескі көлігін өткізіп, қолма-қол ақша ала алады. Қалаға тозығы жеткен темір тұлпарларды қабылдайтын мобильді топ келді.  Мамандар мұнда 5 күн болмақ.

Қала тұрғыны Рыскелді Нашарбаев алғашқылардың бірі болып ескі темір тұлпарын өткізуге келген. Алайда 1989 жылы шыққан Volkswagenін үйінде қалдырыпты. Алдымен құжаттары түгел ме соны тексертіп алмақшы. Анықталғандай бәрі өз орнында. Енді тек тозған автокөлігін осында жеткізу керек. Содан кейін жаңа отандық көлік алу үшін 315 мың  теңгелік сертификат алмақ.

Рыскелди Нашарбаев – Балқаш тұрғыны

» Саймандарын сатып алуға ақша да шақ келмей жатыр. Енді өткізейін деп келдім. 300 мың болса да балама көмек болсын деп соған келіп жатырмын.

Мобилді топ Надежда Коровинаның үйіне өздері келді. Зейнеткер отбасылық Лада көлігін алып кету үшін қабылдаушыларға өтініш жазған. Себебі жолдасы мүгедек атанғалы бері темір тұлпар есік алдында тұр. Мамандар автокөлікті 150 мың теңгеге бағалап, алып кетті. Себебі барлық құрал-сайманы бар, әрі көліктің өз жүріп тұр. Ақша зейнеткердің банктағы шотына түседі.

Надежда Коровина – Балқаш тұрғыны

«Күйеуім 1 топ мүгедегі. Жүре алмайды. Ал өзім көлік жүргізе алмаймын. Сол себепті өтініш жазып, мамандардан көлікті алып кетулерін сұрадым. Ал ақшаға жолдасымды емдетпекпін.

Мобильді топ қызметкерлері алдымен көліктің жағдайын көзбен көріп, бағалайды.  Саймандарын тексеріп, жұмысқа жарамдылығын анықтайды. Тек содан кейін барып ақшалай құнын шығарады.

Жарас Сыдыков – ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасының менеджері

« Балқашта 5 күн боламыз. 9 нан бастап 13 дүйсенбіге дейін. Кеңес алып жатқан адамдар бар. Ертең көбейеді негізі.

Бүгін балқаштықтар тозығы жеткен 8 автокөлік өткізді. Жүргізушілердің бірі отандық көлік сатып алу үшін сертификат таңдаса, қалғандары қолма қол қаржы алуға  ниет білдірген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture