Жолдағы сұмдық! Жаңа оқу жылы басталғалы бері Балқашта 3 оқушы көлік астына түкен. Оның ішіндегі екі жағдай жаяу жүргіншілер жолағында болды. Алғашқы оқиға қыркүйек айының басында тіркелді. өнер мектебінің жанындағы жолақта келе жатқан 8 жастағы қызды темір тұлпар соғып өтеді. Абырой болғанда оқушы аздаған жарақат алып, аман қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша мұндай оқиғалар бұл жолда жиі болып тұрады. Қауіпті аймақ болғандықтан жақында мұнда көліктердің жылдамдығын тежейтін арнайы жолақ орнатылды.
Әнуар Самиев-ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Біз жолдың жағдайына үнемі мониторинг жасап отырамыз. Қараменде би көшесіндегі жол әсіресе оқушылар көп өтетін жер. Сондықтанда онда арнайы жолақ орнату туралы шешім қабылданды.
Тағы бір оқушы Мир көшесінде көлік астына түсті. 10 жастағы ұл бала жолды тиісті емес жермен қиып өтпек болған. Ал соңғы жағдай осы демалыс күні тіркелді. Ер адам мен 14 жастағы қыз Ағыбай батыр көшесіндегі жолақпен өтіп бара жатқан. Сол уақытта 60 жастағы жүргізуші оларды қағып өтеді. Алдын ала болжам бойынша ол тежегіш пен газды шатастырып алған. Жапа шеккен екі адам жарақат алғанымен, ауруханаға барудан бас тартқан. Қазір үйлерінде ем қабылдауда.
Мария Гиждевская- кәмелетттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор
«Тиісті емес жермен жолдан өткен 10 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салдық. Себебі ол кәмелетке толмағандықтан жауапқа тарта алмаймыз. Қалада балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейді. Сондықтанда абай болу керек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login