Жаңа жылдан бастап 3 жәрдемақы біріктіріледі

Жаңа формат. 2018 жылдан бастап балалы отбасылар жәрдемақыдан қағылулары мүмкін. Үкімет ақшалай көмек тағайындаудың тәртібін өзгертті. Соған орай мемлекеттен берілетін 3 төлемнің  түрі біріктірілді. Енді ол атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы деп аталады.

Біріктірілетін 3 жәрдемақыны атап айтсақ. Біріншісі бүлдіршін 18 жасқа толғанға дейін берілетін төлем. Оны Балқаш қаласы бойынша жалпы 63 жанұя алып отыр. Әр балаға 2383 теңгеден.

Екіншісі кіріске қарамастан 4 және оданда көп бала тәрбиелеп отырған аналарға төленетін қаржы. Қазір ай сайын 9440 теңгеге ие болып отырған 429 балқаштық отбасы бар.

Үшіншісі атаулы әлеуметтік көмек. Бұл жерде отбасының ортақ табысын ондағы адам санына бөлгенде шыққан сома ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % нан  аспауы қажет. Бұл шамамен 10 мың теңге.

Енді осы 3 жәрдемақы бірігеді де атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы деп аталады. Оны тағайындау ережесі мүлдем басқа. Сол себепті осыған дейін балаларына мемлекеттен қаржы алып отырғандар енді одан қағылуы мүмкін.

Гүлмира Махытбекова-Әлеуметтік төлем және жәрдемақы тағайындау секторының меңгерушісі

«1 қаңтар 2018 жылы жәрдемақының түрі өзгереді. Заң төңірегінде. Осы 3 жәрдемақы біріктіріледі де атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша беріледі.

Ал атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% нан аспаса ғана тұрғындар жәрдемақыға ие болады. Келер жылы оның мөлшері Қарағанды облысы бойынша 14 мыңнан астам болуы мүмкін. Енді есептеп көрсек. Мысалы: Бір үйдің  жалпы табысы 51000 деп ойлайық. Енді оны жанұя мүшелерінің санына бөлеміз. Біз 6 адам деп алдық. Одан әрі 8500 ді төменгі күнкөріс деңгейінің 50%нан яғни 14142 теңгеден азайтамыз. Шыққан соманы отбасындағы адам санына көбейткенде мелекеттен берілетін жәрдемақының көлемі шығады.

 Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2018 жылы Қарағанды обл  28284-50%=14142

 Отбасы табысы: 51000

Отбасы мүшелері: 6 адам

51000:6=8500

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% -14142

14142-8500=5642

5642*6=33852

33852тг  ай сайын отбасыға мемлекеттен төленетін қаржы көлемі

Жаңа форматтағы атаулы көмек шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Біріншісі бойынша жәрдемақы 6 айға тағайындалады. Тек бір шартпен. Отбасындағы еңбекке қабілетті адамдар ұсынған жұмысқа тұрулары қажет. Ал екіншісі жанұядағы ересектер еңбекке жарамсыз болса ғана беріледі.

Айгүл Махытбекова-Әлеуметтік төлем және жәрдемақы тағайындау секторының меңгерушісі

« Мысалы ол отбасында мүгедектер болуы мүмкін. Немесе аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткер болуы мүмкін. Немесе жалғыз басты ана болуы мүмкін. Ол отбасы шартсыз ақшалай көмекке жүгінуіне болады. Оған жұмысқа тұруға міндетті болып есептелмейді.

Қазір жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары аула-аланы аралап балқаштықтарға жәрдемақы тағайындаудағы жаңа өзгерістерді түсіндіруде. Олар  бұл  жұмысты жыл басында бастаған. Халықты ақпараттандыру Гүлшат, Саяқ кенттерінде де жүргізілген.

 

 

 

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture