Әйелін қызғанған балқаштық еркек 10 жылға сотталды

Сезім үшін сотталды. Сүйіктісін өзге біреуден қызғанған еркек темір торға қамалды. Жары үшін 37 жастағы азаматты о дүниелік қылған сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шытырман оқиға биыл, тамыз айында болды. Спицин көшесіндегі көпқабатты үйде 37 жастағы еркек азаматтық некедегі әйелімен ішімдік ішіп отырады. Арақ-шарап бітіп қалып дүкенге кетіп, жолдан екі әйелді кездестіреді. Сөйтіп, барлығы әңгімелерін пәтерде жалғастырады. Алайда, арада уақыт өткенде қожайын бейтаныс келіншекпен подъездге шығып кетеді. Ал оны аңдып тұрғын әйелдің күйеуі сол жерде үй иесіне 7 рет пышақ сұғып алады.

Аян Абдуллин- қалалық прокуратураның аға прокуроры
«Дерек бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалған.Ол сот отырысында тергеу амалдары кезінде өз кінәсін толықтай мойындаған сол себепті ол кісіге минималды түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture