Өзінің стақандасын пышақтап өлтірген тағы екі балқаштыққа қатысты сот үкімі шықты. Тентек судың кесірінен қолын қанға бояған бір азамат 12 жылға, екіншісі 11 жылға сотталды. Бірінші қанды оқиға тамыз айында Сейфуллин көшесіндегі пәтерлердің бірінде болды. 26 және 35 жастағы екі азамат ішімдік ішу үшін кешке бас қосады. Содан алкаголь әсер ете бастағанда отырыстары жанжалға ұласып, ашуға булыққан 35 жастағы азамат өзінен 10 жас кіші стақандасына пышақ ала жүгірген. Суық қару жәбірленушінің жүрек тұсына тиіп, көп қан жоғалтып пәтерде көз жұмады. Енді қылмыс жасаушы 11 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
Тура осындай қанды оқиға 1 аптадан кейін қайталанды. 51 жастағы Рембаза кентінің тұрғыны көршісімен бас қосып, ішімдік ішеді. Алайда, сөзге келіспеген олар біраздан кейін бір-біріне жұдырық ала жүгіреді. Сотталушының айтуынша бөтелкелесі оны ұрып, құлатқан. Бұл қылығына ашуланған 51 жастағы азамат оның ішіне пышақ сұғып алады. Жарақат алған ол жедел –жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Ал қолын қанға бояған азаматтың мас болғаны соншалық, тергеу кезінде оқиғаның мән-жайын есіне түсіре алмаған. Ал сотта өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Судья оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Аян Абдуллин–қалалық прокуратураның аға прокуроры
«Қылмыстың себебі өзара спирттік ішімдік ішу, салдарынан сөзге келіспей суық қару кезену. Сотталушылар өз кінәләрін толықтай мойындамады. Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login