Балқашта әртүрлі түстермен ем-дом жүргізілуде

Ғажайып түстер емі. Бүгін «Ботажан» сауықтыру орталығында арт-терапия атты жаңа ем-домның алғашқы сабақтары жүргізілді. Онда түрлі түстерді пайдалану арқылы адам денсаулығына қалай әсер етудің жолдары көрсетілді. Ең бірінші терапия 12 жасар Риза Абдыкаримоваға жүргізілмек. Ем жарық пен түстің көмегі арқылы іске асатын болады. Ал ол үшін тек жасыл түс таңдалып алынды. Яғни, жасыл баланың ойын тыныштандырып, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған.

Риза Абдыкаримова – «Ботажан» сауықтыру орталығының тәрбиеленушісі«Мен үшін айналаның бәрі жасыл болып көрінді. Көбелектер ұшып жүргендей болды.Барлығы әдемі болды.Маған ұнады».

Валентина Маар – «Ботажан» сауықтыру орталығының психологы
«Баланың табиғатпен жақындығы болуы үшін жасалды. Ішкі горманияның сезілгенін қаладық. Жағымды әсер болсын дедік».

Жалпы жасыл түс — энергия, оптимизм, сенімділік дегенді білдіреді. Сондықтан бірінші сеанс үшін бөлменің барлығы осы түске безендірілді. Балалар сәйкесінше киініп, дайындалды.Кейін барлығы шар-ойыншықтармен ойнап, жасыл түстегі ертегіні көрді. Және келесі терапиялар басқа түстермен де жүргізілетін болады.Ал баланың ішкі дүниесін білу үшін түстерді дұрыс пайдаланған жөн дейді мамандар.Мәселен, қызғылт сары түс-көңіл-күйді көтереді, көкшіл түс- назар салуға бағытталған.Ал ақ түс–қамқорлық пен тазалықты білдіреді. Бірақта, ақ түсті жасөспірімдер жалғыздықпен байланыстыруы ықтимал.

Валентина Маар – «Ботажан» сауықтыру орталығының психологы
«Әр түстің өзіндік ерекшелігі мен пайдасы бар. Балаларды күнделікті киіндіргенде көңіл-күйіне қарауға кеңес беремін. Егер бала ерекше белсенді болса ақшыл түстермен киіндіру керек. Сол кезде біраз сабырлыққа үйренеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture