Бүгін қаланың орталық көшелерін су алып кетті. Бәрі Қараменде би көшесінен басталды. Орталық алаң маңындағы ескі құбырлардың бірі жарылып, суық су далаға төгілді. Соның салдарынан бірнеше ауданда ауыз су болмады. Ал коммуналшылар апатты жоюға тек түстен кейін ғана кірісті.
Қаланың орталық көшелері жаңбыр жаумаса да бір сәтте суға айналды. Қараменде би көшесінің бойынан аққан тіршілік көзі төмен қарай жылжып, Уалиханов, Ленин және Молдағұова көшелеріне тарады. Бұл жағдай жүргізушілер мен жүргіншілерге ыңғайсыздық тудырды. Көлік иелері жолдағы шұңқырларды көре алмай қиналса, тұрғындар суды баспас үшін секіріп әлек болды.
қала тұрғыдары:
«Аяқ киімің су болса, жаман ғой. Қазір жаз емес. Күн суық. Қыс болса, онда жолдың бәрі көк тайғаққа айналар еді.
Коммуналшылар дер кезінде құбырларды ауыстырса, мұндай жағдай болмас еді. Енді қараңыз. Барлық көше су болып жатыр. Оның несі жақсы.
Анықталғандай орталық алаң маңындағы орталық трасса жарылған. Коммуналшылар дереу суық суды тоқтатқанымен, мәселені жоюға тек түскен кейін ғана кірісті. Себебі оған дейін басқа апатты аймақта жұмыс істеген. Деседе, жарылған жерді 2 сағаттың ішінде жамап, бұл мәселені тез арада шешті.
Сарыбай Махабаев-«Балқаш Су» КМК учаске шебері
«Құбыр ескірген. Енді оны жаңарту керек. Үкімет ақша бөлу керек. Программа бойынша. Шамамыз келгенше ауыстырып жатырмыз.
Апаттың салдарынан Қараменде би, Уалиханов, Ленин және Молдағұлова, Қазбеков, Амангелді көшелері ауыз суысыз қалды. 17 мен 12 мөлтек аудандарында ада ауыз су болмады. Таңғы 11:30 нан бастап 15:00 ге дейін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login