Балқаш жаңалықтары 1 қараша 2017

1.Мұхамеджанов м\а 17 тұрғындары тағы да коммуналшылардың үстінен шағым айтуда. Себебі канализациялық құдықтан аққан нәжіс суы тағы да аулаға тарап, балалар алаңына дейін жеткен.

2.Балхашта  коммуналды қызметтің  бағасы  қымбаттады.Бүгіннен бастап суық су мен  жарыққа жаңа  тариф  енгізіледі.

3. Латын әліпбиіне  көшу-Қазақстан  үшін тарихи  қадам. Бастысы  заман талабы дейді  қаламыздың  білім саласының мамандары мен  нұротандықтар.Олар әкімшілікте  бас қосып,  жаңа әліпбиді талқылады.

4. Қалалық  оқушылар сарайы жаңа кейіпке  енді. 43 жылдық тарихы бар өнер ордасына   биыл алғаш рет   күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

5.Құқық қорғау саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлердің арасында шағын футболдан қалалық турнир өтті. Спорттық сайыс Прокуратурада еңбек еткен әріптестерін еске алуға арналды. Ал жарысқа 6 команда жиналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture