Балқаш Сервис колледжіндегі болашақ шаштаразшылар тұрғындар шашын тегін қиып беруге әзір. Сондай-ақ шаш үлгісін жасап, бетті де әрлеп береді. Қазір аталмыш оқу орнында жұмыссыз жүрген балқаштықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа мамандықтың қыр сырын меңгеруде. Курс 3 айға негізделген. Алғашқы бір ай теорияға арналса, соңғы екі ай практика. Үйренгендерін іс жүзінде жүзеге асырады. Қазір курсқа қатысушылар шаш қиюды, оны бояуды, бұйралауды, бет әрлеуді үйреніп жүр. Сол мақсатта интернатта жатып оқитын балаларға, студенттерге тегін қызмет көрсетуде. Мұндай қызмет түрін балқаштықтарда пайдалана алады. Тек 4-30-87 нөміріне хабарласып, алдын-ала жазылу қажет. Болашақ шаштаразшылар жұмыс күндері таңғы 10 нан 15:00 ге дейін, ал сенбі күні 9 дан 12 ге дейін қабылдайды.
Айгүл Ермұхамбетова-Балқаш сервис колледжінің өндірістік оқу шебері
«Қазір бізде жұмыспен қамту бөлімі жіберген тұрғандар оқып жатыр. Осы қараша айының соңында курсты аяқтап, шаштараз мамандығына оқыды деген сертификат алады. Қазір практикада жүр. Тұрғындар келіп, тегін шаш қидырып, бетін әрлете алады. Бәрі шебердің бақылауымен жасалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login