Балқашта бензин бағасы күрт қымбаттап кетті. Қазіргі күні өңірде жоғарғы сұранысқа ие АИ -92 маркалы сұйық отынның литрі 160-161 теңге.Алайда, бұл бензиннің шарықтау шегі емес. Энергетика министрлігі жақын күндері жанармай құны 165 теңгеге дейін жетеді деп болжап отыр. Естеріңізде болса, жазда АИ-92 142 теңгеден сатылған еді. Ал қыркүйекте 150-ге жетіп, қазанда 155-ке көтерілгентін. Осылайша ай сайын қымбаттаған бензинге отандық зауыттардың жартылай жөндеу жұмысына жабылуы себеп дейді мамандар. Соған байланысты бүгінгі қордағы жанармайдың барлығы көрші Ресейден жеткізілуде.Ал ол жақта сұйық отын қымбат. Сәйкесінше, елімізде жанармаймен қоса дизель отыныда қымбаттады. Бұрын 140 теңгеден сатылған бағалы сұйықтық қазір 155-160 теңге.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login