Келер жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

Келесі жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы өседі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалықта басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы, қарттарға төленетін қаржының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгеге жетпек.Тағы бір айта кетерлігі, енді зейнетақы тағайындалатын кезде адамның еңбек өтілі мен зейнетақы жинағының мерзімі ескеріледі. Соған қатысты енді қызмет уақыты 10 жылдан асқан сайын базалық зейнетақы 10 пайызға өсіп отырады. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын құраса, 30 жылда 94 пайызды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылдан аса еңбек еткендер үшін базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100 пайыз көлемін қамтымақ.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture