Дарынды жандардың назарына. Шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзиннің 90 жылдығына орай күйшілер арасында аймақтық сайыс ұйымдастырылмақ. Оған екі шекті аспаптың тілін жетік меңгерген 16 жастан асқан таланаттылар қатыса алады. Талап бойынша үміткерлер шертпе және төкпе жанрындағы 2 күйді орындау керек. Егер, шығарманың бірі Хамзиннің күйі болса тіптен жақсы. Байқауда бақ сынаймын дегендер қараша айының 10-на дейін қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөліміне өтініштерін білдірулері қажет. Сайысқа Қарағанды облысы бойынша ауыл-аймақтың өнерпаздары үміткер бола алады.
Ұлпан Сапарғали –қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бас маманы
« қарашада Балқаш қаласының 80 жылдығына орай және Мағауия Хамзиннің 90 жылдығана арналған шерпе күйдің шебері атты күйшілер сайысы өткізілмек. Барлық 16 жастан асқан барлық күйшілерді сайысқа қатысуға шақырамыз.Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login