Руы Керей – Шеруші – Байгелді, Авдисұлы Әтейхан әкеміздің өмірден қайтқанына 10 жыл толады.
Марқұмның аруағына құран бағыштап 28 қазан күні «БЕРЕКЕ» мейрамханасында сағат 11-ден бастап ас беріледі. Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға, бірге жұмыс жасаған ұжымына, көршілерге және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.
Болжам жоқ ертеңгіге, алдағыға,
Айла жоқ бұл дүниенің жалғанына.
Ауырып жол тарттың, қайран Әке!
Мәңгіліктің келмейтін сапарына.
Тәңірім де таңдайды екен тектілерді,
Жаратқан жақсыларды көпсінеді.
Өзіңсіз 10 жыл өтті, жан әкешім,
Туған-туыс, балаларың өксігелі.
Қимаймыз көзіміден жас тамады,
Дұғамыз қабыл болсын бағыштаған.
Жатқан жерлеріңіз, Ата-Әже,
жәннаттың төрі болсын,
Имандарыңыз рухыңа серік болсын.
Алланың шапағаты нұрын төгіп,
Сіздерге болсын Құран-аят сауабы.
Ас берушілер: жұбайы – Бурахан, балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login