Балқаш жаңалықтары 25 қазан 2017

Ұлы Отан соғысының ардагері Клавдия Кочетова 96 жасқа толды. Қарт майдангерді 538\98 әскери бөлімінің ұшқыштары құттықтап қайтты.

Балқаштықтар ескі көлігін өткізіп, қолма-қол ақша ала алады. Қалаға тозығы жеткен темір тұлпарларды қабылдайтын мобильді топ келмек. Ал берілетін қаржы көліктің жағдайына байланысты.

Еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, жер көктайғаққа айналуда. Мұндай ауа-райы көт күттірмей Балқашқа да келетіні сөзсіз. Ал, коммуналшылар болса, қазір дайындыққа мықтап кіріскен. «Горкомхоз» мекемесі көліктерге жөндеу жасап, техникаларын қамдауда.

Көлік иелеріне жеңілдік. Бұдан-былай дөңгелектерін тікенікті шинаға ауыстырғандар арнайы белгіні жапсырмай-ақ қойса болады. Жолда жүру ережесіне осындай өзгеріс енгізілді. Былтыр бұдырлы шегесі бар дөңгелекті көліктердің барлығына үш бұрышты «Ш» әріпті белгісін орнату міндеттелгентін.

Ұлттық банк «Ыбырай Алтынсарин» бейнеленген ескерткіш монеталарын айналымға шығарды. Номиналы 500 теңгелік тиын төрт бұрышты. Жоғары сапалы күмістен жасалған. Салмағы 30 грамм.

Тәтті өнімдерінің құны 30-40 пайызға артуы мүмкін. Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бұдан былай сырттан қант сатып алуға тыйым салмақшы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture