Еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, жер көктайғаққа айналуда. Мұндай ауа-райы көп күттірмей балқашқа да келетіні сөзсіз. Ал коммуналшылар болса, қазір дайындыққа мықтап кіріскен. «Горкомхоз» мекемесі көліктерге жөндеу жасап, техникаларын қамдауда. Қазір мұнда, істен шыққан саймандарын жаңасына ауыстыру, ақауы бар қозғалтқыштарды ретке келтіру секілді жұмыстар жасалуда. Жалпы қыс кезінде қала жолдарын тазалауға 10 техника жұмылдырылады. Қар күрейтін, оны тиитін және құм себетін көліктердің барлығы қазір 80 пайызға дайын.
Қайрат Асылханов-«Горкомхоз» ЖШС бас механигі
« Бір аптадан кейін жөндеуді аяқтаймыз. Қысқа дейін дайын болады.
Жолға себетін құмда дайын. Мекеме биыл 650 тонна топырақ пен 100 тонна тұз сатып алған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 200 тоннаға көп. Себебі коммуналшылар биыл қыс қатты әрі ұзаққа созылуы мүмкін деп отыр. Соны ескеріп, алдын-ала қамданған. Топырақ пен тұзды араластырып, жолға себуге дайындап қойыпты. Ал тротуарларға таза құмның өзін қолданады.
Александр Масалов-«Горкомхоз» ЖШС техникалық бөлім басшысы
«Қыстың күндері қар жауғанда бір күнде 15 тонна құм кетеді. Ал, тайғақ болса оданда көп. Ең бірінші кезекте қауіпті айматқарға себеміз. Кей кездері тәулік бойы жұмыс істеуге тура келеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login