Балқаштықтар ескі көлігін өткізіп, қолма-қол ақша ала алады

Балқаштықтар ескі көлігін өткізіп, қолма-қол ақша ала алады. Қалаға тозығы жеткен темір тұлпарларды қабылдайтын мобильді топ келмек. Ал берілетін қаржы көліктің жағдайына байланысты. Егер барлық саймандары орнында болса, онда 150 мың теңге аласыз. Не болмаса отандық автокөлік сатып алуға 350 мың теңгелік сертификат беріледі.  Алайда темір тұлпарыңыздың тетіктері мен бөлшектері орнында болмаса, онда қолыңызға бар болғаны 48 мың теңге ұстатады. Балқашта ескі көліктердің қабылдау 9 мен 13 қараша аралығында жүргізіледі. Әзірге қай жерде екені белгісіз. Ал өткізу үшін көлікті есептен шығарып, төменде көрсетілген құжаттарды дайындап қою қажет.

Жомарт Рақымжан-«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы» ЖШС өкілі

«Қазіргі таңда жергілікті әкімдікпен қабылдау бекетінің орны анықталып жатыр.  Орны анықталған кезде мәлімет беретін боламыз. Көлігіңізді ақшаға өткізе аласыз немесе 315 мыңның сертификатын тапсыра аласыз.

Ескі көлікті өткізуге қажетті құжаттар тізімі

  1. көлікті есептен шығару анықтамасы
  2. жеке куәлік
  3. көлік өзіңіздікі болмаған жағдайда, нотариалдық сенімхат
  4. ақша аударылатын банк есепшоты

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture