Ұлы Отан соғысының ардагері Клавдия Кочетова бүгін 96 жасқа толды. Қарт майдангерді 538\98 әскери бөлімінің ұшқыштары құттықтап қайтты. Бүгін Клавдия Кочетова үшін шуақты күн. Таң атпастан үйден қонақтар үзілер емес. Мереке иесі, бәрін қуана қарсы алуда. Әсіресе ұшқыштарды көріп бір марқайып қалды. Өйткені ардагерді қазіргі отан қорғаушылармен көп нәрсе байланыстырады. 21 жасында өзі сұранып соғысқа аттанған Клавдия Кочетова соғыс кезінде ұшқыштар-атқыштар ротасында байланысшы қызметін атқарды. Жердегі жағдайды әуедегі әскери күштерге дер кезінде хабарлап отырған. Мінсіз қызметі үшін талай марапатқа ие болды. Бүгін келген қонақтар қарт жауынгердің 100 ге жетуін тілеп, әкелген сыйларын тарту етті.
Юрий Морозов-538\98 әскери бөлімінің штаб басшысы м.а
«Ардагерге ай сайын келіп тұрамыз. Азық-түлік әкеліп, әрдайым көмектесіп тұрамыз. Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз барлық марапатқа лайықты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login