Құттықтау Қалимаш Сәдуақасқызы

Бірімізге әпке, бірімізге бауыр – Қалимаш Сәдуақасқызын бүгінгі 70 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Сізге ашық аспан, мықты денсаулық, үлкен бақыт, шаңырағыңызға құт-береке, отбасыңызға амандық тілейміз.

Құтты болсын туған күн мерекеңіз,

Жылдан-жылға арта берсін берекеңіз.

Жүзге келген тойыңызда кездесейік,

Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.

 

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

 

Денсаулығың мықты боп,

Ұзақ өмір сүре бер.

Әрқашанда аман боп,

Ортамызда жүре бер.

Т/б: әпкесі – Бақыт

сіңілі – күйеу балалары: Майра – Жақсылық, Жахыман, жиендері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture