Балқаштық мысшылар түлкіні ұстап алды. Аң зауыттағы цехтардың біріне кіріп кеткен. Оны көрген жұмыскерлер ұзын құйрықтыны бірден видеоға түсіріп, біздің редакциямызға жіберген.
Мысшылар түлкіні мыс балқыту цехында ұстап алған. Видео авторының айтуынша, олар аңды жүк тасымалдауыштың жанынан көріп қалыпты. Ал ұзын құйрықты болса қорыққанан, қашуға тырысады. Анықталғандай, бұл күтпеген кездесу демалыс күндері болған. Соңында тірі олжаға ие болған ер адамдар түлкіні зауыттың сыртына апарып, бостандыққа жіберген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login