Шаһарда сотталған азаматтарға арналған оңалту орталығы ашылды. Енді жазасын өтеп шыққан тұрғындар осы мекемеге жүгініп, барлық жағынан тегін кеңес, көмек ала алады.Оңалту орталығы қалалық жұмыспен қамту бөлімінің ішінде орналасқан. Онда пробация қызметінің мамандары күн сайын жұмыс істейді.Темір тордан шыққан азаматтарға әлеуметтік -заң жағынан кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді.Тегін дәрі-дәрімекке мұқтаж болса қол ұштарын созады. Жалғыз басты, көпбалалы аналарға да жәрдемдеседі. Тіпті, оңалту орталығы арқылы сотталғандар жаңа мамандықты меңгеріп, қызметке орналаса алады. Биыл пробация қызметінде есепте тұрған 175 адамның 9-ы тұрақты жұмыс тапты. 3 азамат газбен дәнекерлеуші мамандығын оқып шықты.
Индира Нарымбетова- Балқаш қаласының пробация қызметінің аға инспекторы
«Егер жазасын өтеп шыққан азаматтарға қандай да бір көмек керек болса жұмыспен қамту орталығындағы біздің оңалту бөліміне келе алады. Біз күн сайын кешкі сағат 7-ге дейін жұмыс істейміз. Барлық жағынан тегін кеңес береміз. Жұмысқа орналастырамыз. Диплом алуға көмектесеміз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login