Жерлестеріміз жеңіске жетті.Күні кеше Көкшетауда өткен республикалық жарыста балқаштықтар бір алтын, бір қолаға қол жеткізіп қайтты. 270 спортшының басын біріктірген сайыс 4 күн бойы өтті. Оған Балқаштан 4 боксшы барды. Оның ішінде екеуі жүлдеге ие болды. 54 келі салмақта Ерасыл Ермек бірінші орын алды. Жерлесіміз финалдық кездесуде астаналықпен шығып, қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді. Нәтижесінде, 13- ші алтын жүлдесіне ие болды.

Ерасыл Ермек- бокстан Қазақстан чемпионы:«Мен финалда Астана қаласының баласымен шықтым.Оның бойы ұзындау болды.Соққыларымды іштен бастап, баспен аяқтадым.Екінші раундта ол әлсіреді.Содан кейін бапкері ойынды тоқтатты».
Ал 34 келіде жұдырықтасқан Рамазан Нұрлыбаев қоланы қанағат тұтты. 2 жылдық тәжірибесі бар кішкентай боксшы Түркістандық баладан ұтылып қалды. Жартылай финалдық кездесуді 2:1 есебімен аяқтады.

Рамазан Нұрлыбаев- бокстан Қазақстан турнирінің жүлдегері:« Бірінші раундта есеп тең болды. Екінші раундта есеп ашылды.Түркістан баласының соққысы басыма,ішіме қатты тиді.Сосын жеңіліп қалдым».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login