Руы Тарақты – Ақ көгедей, Кәріғұлқызы Динараның өмірден өткеніне 40 күн.
Қырық күндік асы 22 қазан күні сағат 11.00-ден бастап «СОЗВЕЗДИЕ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Анашым! Шықпай жүрсің күнде есімнен,
Оралмассың сапардан енді мүлдем.
Оянбассың тыныш жер бесігіңнен,
Жатқан жерің жайлы боп, жан Анашым!
Бәрімізге қарашы кешіріммен.
Анажан өзіңді сағынамыз,
Тағдырдың салғанына бағынамыз.
«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,
Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Топырағың торқа болсын!
Шапағатың нұрға толсын!
Әруағыңмен жебей бізді,
Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!
Ас берушілер: балалары, бауырлары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login