Құрметті келініміз, аяулы жар, жеңгеміз Мұқашева Айдана Рахметқызы! Сені 25 жасқа толған туған күніңмен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, жүзіңнен күлкі кетпей жанұяңның, балаларыңның қызығына батып, аңсаған арманыңа жете беруіңе тілектеспіз!
Келін емес қызыма сені балайын,
Бауыр тартып балама енді санайын.
Есен-аман жүре берші, шат күліп,
Көріп өмір қызықтардың талайын.
Балалардың нұрысың, тіреуісің, асыл жарым,
Менің де дем беретін сүйеуімсің.
Жаратқанға мың алғыс берген сені,
Сен дегенде тасиды білеу күшім.
Жан екенсің ойына ақылы сай,
Жүзің жарқын айдынның аққуындай.
Мейірің бәрімізге бірдей болып,
Төгілер таудан аққан бал-бұлақтай.
Т/б: ата-енесі: Саят – Сәбилә
жары – Хасен
балалары – Айкүнім, Жанайым, Мансұр
қайын апасы – жездесі: Шерзод – Бибігүл,
қайынысы: Алмас – Арай, Алмат
қайын сіңлілері – Айгерім, Жанерке
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login