Аяулы қызым, Руы Тобықты – Манас – Мұртай, Сулейменова Саягүл Нұрланқызының дүниеден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 20-шы қазан күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, сыныптастарына, группаластарына, жұмыс орнына және көршілерге хабарлаймыз.
Ақылды да саналы, өнерлі туған бала едің сен,
Сезімтал да ақылшы, дара едің сен.
Ортамызда орның қалды ойсырап,
Жайқалған жас құрағым ерте солған.
Сағындық қой «ана», «әке» деген сөзіңді,
Сағындық қой күлімдеген көзіңді.
Сен туғанда қуандық асыр салып,
Сен кеткенде артыңда жылап қалдық.
Жылаймыз тағы да не амал бар одан басқа,
Тұрасың сен елестеп көзімізге қашанда.
Тез арада кеттің сен аққан жұлдыздай,
Ұшып кеттің келмейтін сен сағымдай.
Пейіштен берсін деймін саған орын,
Несіп етсін көруге жұмақ төрін.
Бақыл бол, Саяшым, ботақаным,
Сақталар жүректерде сенің орның.
Ас берушілер: атасы – Тұрған, әкесі – Нұрлан, анасы – Алтынай, сіңілісі – Нұргүл, туған-туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login