Руы Көшкін — Қазыбай, ардақты әке, адал жар, аяулы ата, отбасының асқар таудай тірегі Жанғабыл Алтынбекұлының өмірден өткеніне 40 күн болды.
Қырық күндік асы 20 қазан күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, өзінің және балаларының еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Болмысында адамгершілік пен адалдықты бас ұстаным деп, парасаттылықпен өмір сүрген Жанғабыл әкеміздің қазасы бүтіндей бір әулеттің белін бүгіп, қабырғасына батқан ауыр қайғы болды.
Жаңылсам жолымнан кейде,
Сен өзің шырағым болдың.
Шөлдесем сусыным қанбай,
Мөп-мөлдір бұлағым болдың.
Жалықсам көңілім тасып,
Шырқайтын жыр-әнім болдың.
Өмірде адаспай тапқан,
Сен менің сыңарым болдың.
Алладан болып шапағат,
Пейіштің төрі ашылсын!
Бір әулеттің асқар таудай тірегі, әділ қазысы, қамқоры болып, тіршілігінде мәнді де мағыналы өмір сүрген Жанғабыл Алтынбекұлының «жаны жәннәтта, орны пейіштің төрінде болса екен»- деп рухына құран оқыта отырып, соңында қалған ұрпақтары еске алады:
Өзің едің барымыз да, нарымыз да,
Әкелік мейір төккен жанымызға.
Өзің едің адалдыққа үйір қылып,
Сіңірген жақсы мінез қанымызға.
Алла өзі алып кетті, ұрпағыңның,
Қызығын енді көрер шағыңызда.
Иманың кәміл болсын, асыл әке,
Тұрасың мәңгі біздің жадымызда!
Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.
Есімің әлі талай аталар,
Ұмытпайтын бала-шаға, досың бар.
Артыңда ізіңді басқан бауырларың,
Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.
Ас берушілер: жұбайы – Қамария, балалары, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login