Еске алу Жолдин Ерлан Дартайұлы

Руы – Әлтеке, Мырзағұл, асыл жар, ардақты әке  Жолдин Ерлан Дартайұлы бүгін тірі болса, қазанның 18-ші жұлдызы күні 50 жасқа толар еді…

Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Сағына еске ала отырып «топырағы торқа, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын, қабірі иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!» – деп Алладан тілейміз.

Жайқалып жемістерін берер бағың,

50-ге бүгін толар тойлар шағың.

Әттеген-ай, арманда кете бардың,

Үзілмеген үмітпен болып сағым.

 

Түгел дейсің бұл күнде қай құбыла,

Жанды жейді сағыныш, ойға алғанда.

Әкешім, 50 жасқа жетпей кеттің,

Не шара, қолдан келер амал бар ма?

 

Мұңсыз едік өзің барда, әкешім,

Еш алаңсыз, бала қиял күй кештім.

Орның толмас енді бізге ешқашан,

Сендей бізді еркелетер енді кім?

 

Мәңгілікке мекенің боп құла түз,

Бір көруге зар болдық-ау енді  біз.

Топырағың торқа болсын, қайтейік,

Қол жаямыз, қабыл болсын дұғамыз!

Еске алушылар: жұбайы – Гульмира, қызы – Жансая, балалары.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture