Руы Қанжығалы, Жарқымбекова Динар Жаманқұлқызының өмірден өткеніне 40 күн.
Қырық күндік асы 19 қазан күні сағат 11.00-ден бастап Ақжал кентінің МЕШІТІНДЕ беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген еңбек ұжымына, сыныптастарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Құлыным, жатқан жерің жайлы болсын,
Қабірің ақыретте нұрға толсын.
Тар қапаста жатсаң да бір жамбастап,
Жаның ботам, жай тапсын жәннаттың бағында.
Тартылғандай сылдыр қаққан бұлағым,
Бір-ақ сәтте өшті-ау жарық шырағың.
Шығып кетіп қайта кіріп келердей,
Әр дауысқа елеңдейді құлағым.
Мойынұсындым тағдырға,
Орныңда сенің қалдым да.
Басқа амал бар ма еді,
Тірек болар қолымда.
Қайта оралар болсаң сен,
Құрбаның болам жолыңа.
Жан бауыр, күндіз-түні жүресің есте,
Бейнеңді сөз етеміз ерте-кеште.
Ағаңмен қол ұстасып, анаң қоштап,
Ән айтып жүрсіңдер ме «о дүниеде».
Анашым! Шықпай жүрсің күнде есімнен,
Оралмассың сапардан енді мүлдем.
Оянбассың тыныш жер бесігіңнен,
Жатқан жерің жайлы боп, жан Анашым!
Бәрімізге қарашы кешіріммен.
Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,
Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.
Немерелер әжелеп армандауда,
Олар да таппай қалды Сіздің ізді.
Фото 7
Мәңгілік кім бар дейсің бұл жалғанда,
Ортада жүрсең өзің арман бар ма.
Қапияда кеттің-ау «қош» дей алмай,
Жан-жолдасың, туған-туыс, балаларға.
Арамыздан кете бардың алыстап,
Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.
Пейіштің төрі болсын орыныңыз,
Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.
Ас берушілер: әкесі – Жаманқұл, жолдасы – Әмір, бауырлары, балалары, күйеу баласы, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login