Ардақты да аяулы Есімханқызы Дәкен әжеміздің өмірден озғанына 40 күн толып отыр. Жүрегінен бәрімізге орын тауып, еркелетіп өсірген әжеміздің орны әрқашан ерекше. Адамның асыл қасиеті, ақыл-парасаты көзі тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ бағалана ма деп ойлайсың. Қазір әжеміздің айтқан ақылы, әрбір істі шешердегі сабырлылығы, турасын кесіп айтар нақтылығы жетіспей, орыны үңірейіп, ойсырап тұрғандай. Кез-келген жағдайда ақыл таразысына салып, ағайын-туысты жақындастыру, барлығын да бауырым деп жанына тарту әжемізге ғана тән асыл қасиет еді. Ал, әжеміздің «айналайын, қарағым» деген сөздері құлағымыздан мәңгілік кетпес сірә-да. Амал қанша, Алла тағал әр пендесіне өлшеулі ғана ғұмыр берген. Бәріміздің тілеуімізді тілеп, қалқайып отырған алтын әжеміз мәңгілік өмірге аттанып кеткеніне 40 күн толса да, көңіл шіркін сенер емес. Жатқан жеріңіз жайлы да жарық болсын! Алланың нығметіне бөленгейсіз.
Өсірдің, еркелеттің, тұлымдадың,
Әжетай, ұмытпаймыз мұның бәрін.
Дұғаларын бағыштайды өзіңе Әже,
Сағынышпен еске алып құлындарың!
Шаңырақтың құты мен берекесі,
«Ақ әже» деп іздейді шөбересі.
Аялы алақанын сағынады,
Балалары, немере, шөбересі.
Асыл әже, асқар тау, қамалымыз,
Естен кетпес мейір тұнған жанарыңыз.
Иманды бол, жұмақ болсын мекеніңіз,
Бір Алладан соны ниет етеміз.
Сағына еске алушылар: немерелері, шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login