Қырық күндік ас Суйменбаев Дәулет Шәкіжанұлы

Руы Сарым – Арақбай, Суйменбаев Дәулет Шәкіжанұлының өмірден өткеніне 40 күн болады.

Қырық күндік асы 19 қазан күні сағат 12.00-ден бастап Ақтоғай ауданы «ТОҚЫРАУЫН» дәмханасында беріледі.

Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарына, таныстарға, ауылдастарға хабарлаймыз.

Аңсауменен 40 күннің өткені,

Асқар таудай әкеміз бұл өмірден кеткелі.

Өзекті өртейтұғын бір өксік бар,

«Әттең, Әке» аз-ақ ғұмыр кешкенің.

 

Жыр жазамын ақ парақтың бетіне,

Жүрек мұңым құлағыңа жетер ме?!

Сағыныш мазалайды кеудемді,

Мүмкін мұны жан жолдасым сезер ме?!

 

Қайран Әке, қысқа болды ғұмырың,

Ерте кеттің, бекімеді-ау тұғырың.

Өмір – базар, баққа бөлер кезінде,

Ажал салды аңдаусызда құрығын…

 

Теңедің бізді сәби кезде балапанға,

Өсірдің, еркелетіп алақанда.

Жер шарының бар асылын жинағанмен,

Өзіңдей алтын ӘКЕ табылар ма?!

 

Жайлы болсын жер бесігің таңылған,

Мамық болсын топырағың жамылған.

Артыңдағы ұрпағыңның барында,

Отың сөнбес өзің барда жағылған!

Ас берушілер:  жұбайы – Бейбіткүл, балалары – Төлеген, Шәрбат, Гүлзинат, Ерназар, Расул.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture