Еске алу Қарашолақов Айдар  Қамажанұлы

Руы Кәрсөн – Аралбай – Қондыбай, қимас сыныптасымыз, досымыз Қарашолақов Айдар  Қамажанұлы тірі болса 50 жасқа толар еді…

Тірі болсаң тойлар едік 50-ге толған жасыңды,

Ажал заңы алып тынды, ардақты досты, асылды.

Ақ тілектің орнына құран оқып, бағыштап,

Жүрек мұңлы сағыныштан, көңіліміз жасулы.

 

Ақ көңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Сен көрмеген ғұмырды, қос құлының жасасын,

Өзің салған ақ жолды, қос құлының жалғасын!

Топырағың торқа боп, жатқан жерің жайлансын,

Жаның болып жәннатта, Аллам сені қолдасын!

 

Пейіш болсын тұрағың,

Жарық болсын мекенің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Ардақты қимас досымыз!

Еске алушылар: сыныптастары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture