Еске алу Батанаев Даурен Абутахирұлы

Руы Қожа, сүйікті баламыз Батанаев Даурен Абутахирұлының бұл фәниден бақи дүниеге аттанғанына 10 жыл толды.

Ізгі жүректі, жаны таза, мейірімді еді. Егіле еске алып, «жаны жәннатта, тәні рахатта, орыны пейіштің төрінде болсын!»-деп, Алладан рахым тілеп, дұға бағыштаймыз!

Өзегіме өшпестей,

Өрт сап кеткен, құлыным!

Жүрегіме жазылмас,

Дерт сап кеткен, құлыным!

 

Мұнша неге мезгілсіз,

Қысқа сенің ғұмырың?

Жиырма бір жасқа келгенде,

Үзілдің-ау, құлыным!

 

Көз алдымнан кетпейді,

Желкілдеген тұлымың.

«Әже» деген даусыңды,

Сағындым ғой, құлыным!

 

Бұйрығына Алланың,

Көнемін енді, құлыным!

Жатқан жерің жарық боп,

Тыныш ұйықта, құлыным!

 

Мендей болып ешкімнің,

Жыламасын анасы.

Аман болып әрдайым,

Жүре берсін баласы.

 

Пейіштен берсін деймін саған орын,

Несіп етсін көруге жұмақ төрін.

Бақыл бол, Даурен, ботақаным,

Сақталар жүректерде сенің  орның.

Еске алушылар: әжесі – Несіп, ата – анасы, аға – апалары, бауырлары, келіні.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture