Біз бүгін сүйікті де сүйкімді жиеніміз, еліктей ерке балапанымыз Асылбаева Наргиза Рахатқызын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тіл-көзден сақтап, тек жақсылығын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын! Әрбір күндері тыныш болып, былдырлаған тәтті тілдері, шат күлкілері, ерке қылықтары мамасы мен папасына қуаныш әкелсін!
Тәй-тәй басқан, құлыным!
Келдің міне, 1 жасқа.
Гүліміз болып өсе бер,
Сенің жөнің бір басқа.
Ботақаным, айналайын, құлыным,
Өзіңсің ғой шуақ шашқан, Ай-күнім!
Ырысым да, байлығым да өзіңсің,
Болашағың кеңи берсін, айдының!
Тілектеспіз біз саған,
Өмірде бойлап өте бер.
Арманыңа аңсаған,
Мүдірместен жете бер!
Үміт артқан әкеңнің қуанышы бол,
Аялаған анаңның жұбанышы бол.
Несібең дариядай ырысты болсын,
Біздің осы тілегіміз
Алланың ризалығымен жұғысты болсын!
Т/б: нағашы ата – әжесі: Дәурен – Бақыт, нағашылары: Дархан – Сағыныш, Талғат – Жанар, Нұрлыжан – Тоғжан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login