Балқашта оқушылар сарайының алдында тұрған ескерткіш қайда кетті?

Өткен аптада оқушылар сарайының алдында алып алақандар пайда болды. Металдан жасалған композиция қоладан құйылған қыз мүсінің орнына қойылды. Ал 20 жыл бойы бір орында тұрған ескерткіш қайда кетті? Біз оны білу үшін өз зерттеуімізді жүргіздік.

Оқушылар сарайының алдында 24 жыл бойы тұрған қыздың бейнесі  балқаштықтардың есінде қалыпты. Қоладан құйылған мүсін 1992 жылы  пионер ескерткішінің орнына қойылған. Тіпті оқытушылар оған Настя деген есім берген екен.

Ал оқушылар сарайында күрделі жөндеу басталғанда мердігер компания  Настяны орнынан алып, өз қоймаларына апарып қойған. Анықталғандай, сырты қоладан, іші гипстен жасалған ескерткіш үгітіле бастапты. Енді оны қалпына келтіру қажет.

Сағым Кайнедин — «Ақсораң» ЖШС учаске шебері

« Уақытша сақтауға әкеліп қойдық. Жүк көлігімен әкелдік.  Аяғы және басы екі жерден, үгіліп сынайын деп тұр. Бұны бір жерге қою үшін, бірінші жөндеу жұмыстарын өткізіп қойған дұрыс болады.

Жақында қыз мүсінінің орнына алып 4 алақан орнатылды. Жаңа композияция 5 саусағынан бал тамған өнерлі ұжым мен отбасын білдіреді. Алайда, оқытушылар Настяны да оқушылар сарайында қалдырамыз деп отыр.  Мекеме ұжымы ақылдаса келе мүсінге жаңа орын тапқан.

Айман Иешова – оқушылар сарайы директорының м.а

« Оқушылар сарайының арты көркемделіп, жөнделеді. Ол жерде балалар алаңы ашылады. Настяға жөндеу жұымысын жасап, сол жерге орнатамыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture