Қоңырат м\а ондаған жанұя әлі жылусыз отыр. Коммуналшылар бұл жағдайдан хабардар. Алайда, олардың өз талабы бар. Пәтер иелері борыштарын өтегенде ғана көпқабатты үйге жылу беріледі. Ал олардың жалпы борышы миллионнан асқан. Деседе, бұл үйде қарызы жоқ тұрғындар да бар. Олар көршілерінің кесірінен тоңуға мәжбүр.
5 жыл бұрын мемлекеттен пәтер алып, жылуы бар үйде отырмын деген Нұргүл Төлегенованың арманы орындалмай келеді. Коммуналшыларға бір тиын қарызым болмасада, жылусыз отырамыз. 24 сағат үй жылытқышты қосқандықтан жылу ақысы артып , балаларым ауыршаң болып кетті дейді.
Нұргүл Төлегенова- Русаков көшесі, №8 үйдің тұрғыны
«1815 Кұн суытқаннан бері, қосылып тұрғанына көп болды.10 күннен асып кетті.Баланыңда ауырып жатқанына 10 күндей болды.Үй жылытқыш ылғи қосылып тұрады. 5-10 минутқа қана өшіремін.Қайтадан қосамын.»
Русаков көшесіндегі 4 қабатты 8-ші үйде жалпы 48 пәтер бар. Бүгінгі күнге дейін 22-сі Су Жылу Трансқа 1 млн. 109 мың теңге қарыз. Ал оның 14-і соңғы 5 жылда тіптен ақы төлеуден қалған. Соның кесірінен басқа тұрғындар жылусыз отыр.
Назгүл Мырзабекова- Русаков көшесі, №8 үйдің тұрғыны
« Мына үйді алғалы 5 жыл болды. Суық өте. Суықпен 5 жыл отырмыз. Үшінші подъезде қарыз көп.Солар үшін біз қиналып отырмыз.»
Ғалия Мақаева- Русаков көшесі, №8 үйдің тұрғыны
« Бізге 5 жыл бойы дұрыс жылу берілмейді. Көп қарызгерлер бар. Менде қарыз жоқ. Қарыздарымызды төлейміз. Көп кісі төлеп жатыр.»
СНХ: Бекен Райымбаев- Русаков көшесі, №8 үйдің тұрғыны
« Мен шілдеден бастап жұмыста жоқпын.Осы уақытқа дейін. «Бас балқашта» жұмыс жасадым. Ол жақтан ақшамды ала алған жоқпын. Наурыздан бастап. Сол үшін мен төлей алмай жатырмын суды. Ертеңнен бастап жұмысқа тұрамын.»
Осындай әртүрлі себептерге байланысты толық бір үй суық үйде тоңып отыр. Бірақ, олардың барлығы берешектерін өтеп біткенше, коммуналшылар жылуға қоспаймыз дейді
Гүлнар Тлесова- «Су Жылу Транс» КМК абоненттік бөлім басшысы
«Қоңырат мөлтек ауданындағы Русаков 8 үйді бүгінгі жылуға қоспай отырмыз.Себебі, 48 пәтердің 22 –сі 1 млн. астам қарызы бар. Қарызы бар адамдар жиналысқа да келмейді. Қанша қарызы бар екендіктерін керекте қылмайды. Ол пәтерлердің барлығы сотқа берілді .Соттың шешімі бар.»
Ал бір адамның кесірінен өзге тұрғындардың зардап шегуі заңға қайшы дейді заңгер мамандар.
Қанат Дүисенбинов- заңгер
« Барлық үйді жылудан ажыратып тастау заңға қайшы.Бір адамның кінәсінен басқа тұрғындар зардап шекпеуі керек.Қызмет ақысын төлемеген пәтер ғана жылусыз отыруы керек. Қызмет көрсетуші мекеме екі жақты келісім-шартқа сәйкес оларды сотқа бере алады.»
Дей тұрғанмен, коммуналшылар қызмет ақысын төлеу борыш болғандықтан Қоңырат мөлтек ауданындағы екі үйге әзірге жылу берілмейді дейді. Алайда, тұрғындар «Су Жылу Трансқа» келіп, төлеуге ыңғайлы мүмкіндіктерін айтса- жеңілдік жасалады деп уәде беріп отыр.
Видео СІЛТЕМЕДЕ
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login