Ардақты ана, асыл апа, қимас бауыр, Қожағұл келіні Руы — Жуантаяқ, Мухсиын немересі Айкенқызы Раштың дүниеден озғанына 25 жыл. Анамыз тірі болса биыл 60 жасқа толар еді. (15.09.1957. – 14.07.1992).
19 қазан күні сағат 12.00-ден бастап Балқаш қаласында МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында анамызға құран бағыштап, ас береміз.
Анамыздың көзін көрген жора-жолдастарына, ағайын-туыстарға, құда-жекжаттарға, көршілерге және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Анашым, айналайын, киелі есім,
Киелі есім түсіме жиі енесің.
Қос құлынның жасаған дұғалары,
Қабыл болып, өзіңе тие берсін.
Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сіз жоқсыз, енді кімге еркелермін.
Қос құлынның қызығын көрсетпеген,
О өмір, неғылған келте едің.
Шынында өмір неткен келте едің,
Анамызды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің ерте менің.
Есейгенім не керек, ес білгенім,
Қайғы-мұң жүрегімді кесті менің.
Бауырымды жетелеп, жеткіздім деп,
Сағынышпен күндерім өтті менің.
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан Ана, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.
Ас берушілер: жолдасы – Дүйсен, балалары – Айнұр, Есенай.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login