Балқаш көлі 50 мыңнан астам карп атты бүрге балықтармен толықты. Тұщы суға төзімді бұл шабақтар биыл осымен екінші рет жіберіліп отыр. Олар «Балқаш балықтың» тапсырысы бойынша Қарағандыдан әкелінді. Ал жас шабақтардың қанша пайызы көлде әрі қарай өсіп жетіледі? Ол жайында келесі сюжетте.
Жаз бойы күтіммен өсірілген сазан тұқымдастар Қарағандыдан тірі балық таситын арнайы көлікпен әкелінді. Шабақтар діттеген жеріне бүтін жету үшін цистернаның аузы арнайы пломбымен бекітілген. Бүгін бұл белгі тапсырыс берушілердің және өзгеде мамандардың көзінше шешіліп, іштегі 50 мың шабақ көлге жіберілді.
Ахат Құспаев-«Балқаш балық» ЖШС директоры
«Біздің жоспарымыз Балқаш көліне жылма-жыл 230 мың шабақ жіберу. Биыл екі рет жібердік. Бір рет маусым айында. Қазір екінші рет жіберіп отырмыз. Небәрі жібергеніміз 800 мың шабақ».
Бұл балықтардың салмағы 25 грамм. Ал ұзындығы 5-7 см. Деседе, бүгін шабақтардың арасында қозғалмай, бір орында тұрып қалғандары болды. Алайда, аамандардың айтуынша алаңдауға еш негіз жоқ.
Геннадий Меркер-Қарағанды балық питомнигінің өкілі
«Шабақтардың кейбірі көлге жіберген кезде есеңгіреп қалады. Олар жарты сағаттай қозғалмай жатуы мүмкін. Кейін үйренген соң, бірден жүзіп кетеді».
Көлге енді жіберілген шабақтарды 2 жылға дейін аулауға тиым салынады. Шаруаға жарату үшін олардың ұзындығы 39 см ден асуы тиіс. Ал оған дейін ауға не болмаса қармаққа түсетін болса онда балықшыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ербол Әкімжанов-Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы
«Мына балық әбден өсіліп, жеткенше ауланбайды. Ауланған жағдайда әкімшілікке тартылады. Айыппұл салынады».
Статистика бойынша су қоймаларына жіберілген шабақтардың 70-80 %-ы әрі қарай өсіп жетіледі. Балықтың бұл түрін су айдындарына жіберу көктем және күз айларында жүзеге асырылады. Ал «Балқаш балық» мекемесі бұл шабақтарды сатып алуға 1 млн 200 мың теңге жұмсаған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login