Қырық күндік ас Жангарашов Жәнібек Шыныбекұлы

Руы Көшкін – Түлкібай, Жангарашов Жәнібек Шыныбекұлының өмірден өткеніне 15 қазан күні 40 күн болады.

Қырық күндік асы 15 қазан күні сағат 11.00-ден бастап «КОСМОС» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарына, кластастарына, жұмыс орнына, көршілерге және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Бұйрығына Алланың,

Көнемін енді, құлыным!

Жатқан жерің жарық боп,

Тыныш ұйықта, құлыным!

 

Қаламын деп артыңда ойламадым,

Балам-ау, бізді неге ойламадың?

Алланың сүйген құлы бол, жарығым,

Жәннатта болсын жаның – сол тілегім.

 

Көз алдымнан кетпейді,

Желкілдеген тұлымың.

«Мама» деген даусыңды,

Сағындым ғой, құлыным!

 

Енді міне, отырмыз тілек айтар орнына,

Қол жайып, дұға жасап бала-шаға.

Қамығып іні-бауыр, қарындастарың.

Қабыл болсын туыстарың арнаған дұғалары.

 

Жылаймыз тағы да не амал бар одан басқа,

Тұрасың сен елестеп көзімізге қашанда.

Тез арада кеттің сен аққан жұлдыздай,

Ұшып кеттің келмейтін сен сағымдай.

Ас берушілер:  ата-анасы, жұбайы – Әсел, балалары, туған-туыстары.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture