Селфиге түсу үшін гүл шоқтарын жалға береді

8 наурыз қарсаңында жігіті гүл сыйламаған қыздарға селфи жасау үшін 101 гүл шоғын жалға беретін қызмет түрі пайда болды,- деп хабарлайды Baq.kz.

«Егер Сізде немесе жігітіңізде тұтас гүл шоғын сатып алу үшін ақша жетпей тұрса, бірақ барлық құрбыңызды керемет мерекелік суреттермен таңғалдырғыңыз келсе, арнайы Сіз үшін үйіңіздің алдына 101 раушан гүлінен құралған таңғажайып гүл шоғын алып келеміз. Біз келген соң қалағаныңызша суретке түсіп алу үшін 10 минут уақытыңыз болады», — делінген әлеуметтік желіде тараған хабарламада.
Қызмет құны – 800 рубль (300 рубль жеткізу құны + 500 рубль фото жасау үшін), біздіңше, 4000 теңгеден асады. Иә, әзірге мұндай ерекше қызмет Мәскеуде көрсетілуде. Алайда аз уақыт ішінде қазақстандықтардың да қызығушылығын оятып үлгерді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture