Асқар таудай әкеміз Секен Әбенұлы мен аяулы анамыз Батталғазықызы Рахиланың шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толып отыр. Ардақты ата-анамыз он бала тәрбиелеп өсіріп, немере-шөбере сүйген бақытты жандар. Біз, балалары, осынау айтулы өмір кезеңіне жетуімен шын жүректен құттықтай отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Алтын тойға куә болған ұрпағың
Изумруд той 55-тің қарсы алады нұр таңын.
Құттықтаймыз осы тоймен Сіздерді –
Жұп жазбаған ерлі-зайып сұлтанын!
Берік сақтап салт-дәстүрін өмірдің,
Шырағы боп біздер өскен өңірдің,
Себепкері болып әр кез жүрсіздер
Әулеттегі қуанышты көңілдің.
Сіздерден әлі де көп түйеріміз,
Сіздермен бірге өссін үй-еліміз.
Жиылмай осы тойдың дастарханы,
Шөпшек болсын шөбереден сүйеріңіз!
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Құда болдық төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Т/б: балалары, немерелері, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login