Қырық күндік ас Ауезбаева Райхан Бекмағанбетқызы

Руы Тобықты – Ақсары, Ауезбаев Ақылайдың бәйбішесі – Құланшы – Шағырбай, Ауезбаева Райхан Бекмағанбетқызының өмірден өткеніне 14 қазан күні 40 күн болады.

Қырық күндік асы 14 қазан күні сағат 12.00-ден бастап «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі. Туған-туыс, құда-жекжаттарға, көршілерге, балаларының жұмыс орындарына хабарлаймыз.

Анажан өзіңді сағынамыз,

Тағдырдың салғанына бағынамыз.

«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,

Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

 

Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,

Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.

Немерелер, шөберелер әжелеп армандауда,

Олар да таппай қалды Сіздің ізді.

 

Артығы едің ішінде даналардың,

Бәрі осындай болса ғой аналардың.

Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,

Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.

 

Анашым, мәуелі бәйтерегім!

Қырық күнде болыпты –ау сен кеткелі,

Ұрпағың сен деп келеді іздеуменен,

Жол жаққа мұңая қарап елеңдеумен.

 

Өшпейді мәңгі бейнеңіз,

Сағыныш болып ұялап.

Торқа болсын, мамықтай топырағың,

Қабіріңе жағылсын шам шырағың!

Ас берушілер: Ауезбаевтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture