Құттықтау Ерғазы Тышқанбайұлы

Құрметті әріптесіміз Ерғазы Тышқанбайұлы, Сізді бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз!

Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қызықтарына  тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

Құтты болсын 63 жасыңыз,

Өрге қарай домаласын тасыңыз.

Ортасында туған-туыс, дос-жаран,

Жүзге жетіп, одан әрі асыңыз!

 

Жасыңыз қарттық емес, қазына жас,

Бала мен немеренің қызығына мас.

Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас!

 

Биігіне шығып талай асқардың,

Өз салаңды адалдықпен басқардың.

Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,

Жолын аштың соңыңа ерген жастардың.

 

Ел-жұртыңның ортасында сыйлысыз,

Өміріңіз өтсін ешбір қайғысыз.

Денсаулығыңыз мықты боп,

Келсін жүзге жасыңыз.

 

Сіз бір қазір бәйтерексіз,

Жапырағы жайқалған.

Саясында бәйтеректің,

Өсіп-өнсін ұрпағыңыз!

Т/б: ЦПШ ұжымы.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture