Қаламыздағы АК 159\21 түзету мекемесі саудаға қойылатын болды. Аумағы 70 гектарлы мекемені кез-келген тұрғын сатып ала алады. Бірақ, алдымен байқауға қатысуы керек. Қазіргі күні аталмыш нысанды қалалық әкімшіліктің қармағына өткізу үшін, тиісті құжаттар рәсімделуде. Содан кейін, 25 объектісі бар бұрынғы түрме тендерге қойылады. Сауда-саттық үш кезең бойынша жүргізілмек. Ал мекеменің қаншаға сатылатыны келер аптада белгі болады. Айта кетейік, әзірге бұрынғы түзету орталығын үш кәсіпкер сатып алуға ниетті. Онда үміткердің бірі күл-қоқыс өңдеу зауытын ашпақшы.
Зәуре Шлыкова – Қаржы және экономика бөлімінің жетекшісі
«Байқауға жеке тұлғалар мен заңды орталықтар қатыса алады. Тендер басталғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен gosreestr сайтына жарияланады. Келер аптада оның бағасы нақтыланып, сауда-саттық рәсімі жүргізіледі.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login