Руы Тобықты – Шомақ, Төлетаева Зияш Сламбекқызының фәниден бақилыққа озғанына 12 қазанда 40 күн толады.
Қырық күндік асы 12 қазан күні сағат 12-де «СҰЛТАН — БЕЙБАРЫС» мейрамханасында беріледі.
Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат, нағашы-жиендер, көршілер, бауырларының жора-жолдастарын, әріптестерін шақырамыз.
Еске аламыз бауырымызды сағынып,
Ойға түссе, көздің жасы ағылып.
Асыл жүзін, ақыл сөзін іздейміз,
Алла ісіне жүрсек дағы бағынып.
Жан бауыр, Мекеніңіз жұмақ болсын,
Қасірет бізден енді жырақ қонсын.
Мінгені рухыңыздың пырақ болсын,
Қабіріңіз жап-жарық нұрға толсын!
Көкейде кеткен шығар талай арман,
Қысқа болды-ау ғұмырың дүние жалған.
Нұр ойнаған сымбатты бейнең қалды,
Амал бар ма жазмышқа басқа салған.
Қайғысы жоқ жан бар ма бұл жалғанда,
Есімізде сізбен өткен күндер ғана.
Жан бауырым, бізді ешкімге теңгермеуші ең,
Өмірдегі бар байлығым сендер деуші ең.
Тіршілікте сыйлы болып маңайға,
Сый қадірің артып еді талайға.
Ажарлана берер еді арамыз,
Ажал алып кетпегенде алайда.
Ақиқат сол, мәнді ғұмыр өткердің,
Ізгілікке қалды мәнді көп белгің.
Қай жерінен таусылары белгісіз,
Тағдыр деген сықырлаған өткелдің.
Жайлы болсын мәңгі мекен бесігіңіз,
Періштелер ашсын жұмақ есіктерін.
Мәңгілікке өшпейді, өлмейді де,
Жүректерге жазылған есіміңіз!
Алдыңыз пейіш,
Артыңыз кеніш болсын.
Дұғамыз қабыл болсын!
Әумин!
Ас берушілер: Төлетаев Сламбек әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login