Руы – Ақсақ-Бердалы, Қазбеков Жанат Тілегенұлының өмірден өткеніне 12 қазан күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 12.10.2017 жылы сағат 12.00-ден бастап мешіттің кіші залында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға хабарлаймыз.
Асыл әке, сағындым бір өзіңді,
Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам бақытты сол кездерімді.
Сағынам сенің жылы сөздеріңді,
«Қызым» деп мейірленген көздеріңді.
Оралмайсың қайтейін, жаным әке,
Қан жылатты бұл қайғы жүрегімді.
Амал қанша, сені жоқтап күйгенмен,
Өтіп жатыр тірлік шіркін, күйбеңмен,
Қайтып сенің келмесіңді білсек те,
Алаңдаумен 40 күн өтті, іздеумен.
Адал жар, асыл әке, қимас әке,
Қойнына қара жердің қимас әке.
Орныңды толтыра алмас ешқашанда,
Байлығын бар ғаламның жинасаң да.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын.
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Ас берушілер: жұбайы – Жайна, қызы – Динара, немерелері: Малика, Сабира.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login