Тілсіз жау түскі уақытта басталған. Екінші қабаттағы пәтердің балконынан түтін шығып жатқанын көрген көршілер бірден өрт сөндірушілерге хабар беріпті. Ал үйде бала болғанын, оның жылаған даусынан білген.
Майгүл Құнарбекова-Сәтпаев м\а 13 үй тұрғыны
Есікті қағып жатқан кісілерден естіп, есікті ашсам, бала жылап жатыр екен. Бала мені таниды ғой. Баламен сөйлестім. Үйде балта, балға бартын соны бердім.
Көршілер баланы үйден алып шығу үшін, есікті бұзуға мәжбүр болған. Балға, балтаның көмегімен 3-4 минутта құлыпты ашып, ішке кіреді. Содан 8 жастағы ұлды далаға шығарып, өздері бакондағы өртті сөндіре бастапты.
Роман Никифоров- Сәтпаев м\а 13 үй тұрғыны
«Бала өте қатты қорқып қалған. Біз есікті ашып кіріп келгенде, әрі қарай қашып кетті. Оны шақырып алып, далаға шығардық. Ал өзіміз ваннадан су алып, жалынды өшіре бастадық. Сол уақытта өрт сөндірушілер де келді.
Анықталғандай, 8 жастағы баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Абырой болғанда бүлдіршін дін аман. Ал өрт кезінде балконда тұрған көрпе мен кілем жанған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына балконға тасталған темекі тұқылы себеп болған. Кінәлілерді анықтау үшін, енді бұл іспен полиция қызметкерлері айналысады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login