Балқаштық полицейге қатысты сот отырысы басталды

Адам өліміне себепші болған балқаштық полицейге қатысты сот отырысы басталды. Ол басқарған көлік жол апатына ұшырап, онда болған 19 жастағы жолаушы көз жұмған. Қайғылы оқиға өткен жылдың тамыз айында болды. Жас жігіт сол күні Тораңғалықта жолдастарымен көңіл көтерген. Содан таңғы 4 те қасына досын ертіп, үйіне қайтпақ болады. Сол уақытта оларға 29 жастағы полиция қызметкері жолығып, қалаға дейін жеткізіп тастайын деп, ұсыныс білдірген. Жолда жүргізуші жылдамдықты асырып, жай жүруін өтінген жолаушылардың сөзіне құлақ аспаған. Нәтижесінде қалаға кіре беріс жерде тұрған жүк көлігіне келіп соғылады. Көлікте болған 3 адамда ауруханаға түседі. 19 жастағы жігіт тым ауыр халмен жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде 3 күн жатып, есін жимастан көз жұмды.
Көлік апатына себепші болған полиция қызметкері енді сот алтында жауап беруде. Оған жол қауіпсіздігі ержесін сақтамау салдарынан адам өліміне себеп болды, деген айып тағылуда. Бұл бап бойынша ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture