Мұхамеджанов мөлтек ауданының тұрғындары жарты жыл бойы нәжіс иісіне тұншығып, есік алдына шығудан қалды.Себебі, кәріз құдығынан ағатын су аулаға көлшік болып жиналуда. Ал КСК қызметкерлері құдықты тазалағанымен, нәтиже тек уақытша ғана.
Кәріз құбырынан аққан сасық су Жұматай Науанов үшін «айта, айта жауыр болған» тақырып. Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы 17 үйдің тұрғындарының айтуларынша, бұл мәселе бірнеше айдан бері шешілмей келеді. Көлшік болып жайылған сасық су үйдің алдын, жертөлені, балалар алаңын басып алған.
Жұматай Науанов -қала тұрғыны
«Күнде ағады. Жұмыскерлер келеді.Жасадық деп кетіп қалады. Жарты сағаттан соң қайта ағады. Подвалдар бәрі үш-төрт рет су болды.Енді не істейміз оны.Мына екі үйдің арасынан, жалғыз біздің үй ғана емес.Мына жақтағы үш үйді де оңдырып жатқан жоқ ағып , сасық су өзі».
Ал бұл мәселені коммуналшылар екі ай бұрын ғана білген. Анықталғандай, жер астындағы кәріз құбыры жарылыпты. Сондықтан, құдықтар толып, сыртқа аққан. Бірақ, «Балқаш Су» уақыттың тапшылығы мен техниканың жетіспеушілігінен апатты дер кезінде жоя алмаған.
Жомарт Қалибеков — « Балхаш Су» КМК бригадирі
«Қазір ауыстырғанша стольной сыммен трубамен шамамыз келгенше жұмыс жасап жатырмыз.1938 Пластикалық трубаның диаметрі 160 болады, бұрынғы ескісі керамика 150диаметрі.Сол сынған болып тұр.160 диаметрлік пластикалық трубаға айырбастаймыз.2004 Жаңа труба салынғаннан кейін мәселе шешіледі».
Дей тұрғанмен , сасық су келер аптада толығымен жойылады. Өйткені, 20 метрлік 40 жылдық құбырды ауыстыру үшін мамандар уақыт керек .Жерді қазып, техниканы дайындаймыз дейді.Сол себептен, әзірше құдықтар тек қолмен тазаланбақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login