Балқаштық спортшы Республикалық сайыстың қола жүлдегері атанды

Балқаштық спортшы Республикалық сайыстың қола жүлдегері атанды. 15 жастағы Элдар Хамзин Жезқазған қаласында өткен еркін күрестен Республикалық турнирде Балқаш намысын қорғап келді. Онда Қазақстанның әр аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысқан. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгері Элдар 58 кг салмақта белдесті. 5 жыл бойы еркін күреспен айналысып жүрген ол, бұл жарыста спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture